Тамыз айында бірінші компонентпен 70%, екіншісімен 50%, қыркүйекте сәйкесінше 80%-60%-ға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.
Қаңқу сөзге немесе соқыр сенімге емес, ғылымға сенген азаматтарға мың алғыс! Ауырмаңыздар.
Вакцинация науқанында түн демей, күн демей, сенбі-жексенбі үй көрмей, халыққа аяқтарынан тік тұрып қызмет етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға ерлікке пара-пар еңбегі үшін бас ие алғыс айтамыз.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікелей басқарып отырған Коронавируспен күрес және оның алдын алу штабы қаладағы эпидахуалдың тамырын басып, сәт сайын дер кезінде жедел шаралар қабылдап отыр. Біреу білер, біреу білмес, сахна сыртында мыңдаған адам бір үйдің балаларындай үйлесімді қызмет атқарып жатыр. Індетті жеңіп шығамыз. Бүгінгі ащы тер тәтті жеңіске ұласар күн алыс емес.