Қырықбаева Рахат Бақытжановна — №9 Шымкент қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері. Еңбек өтілі 10 жылды құрайтын, 1-категориялы дәрігеріміз осы жылдар ішінде көптеген науқастарға көмек көрсетіп, аянбай еңбек етіп, барынша қол ұшын созуда. Науқастарымыз алғысын айтып, ізгі ниеттерін білдіруде!
Осы уақыт аралығында білікті дәрігеріміз Қырықбаева Рахат Бақытжановна өз тәжірибесімен бөлісіп, науқастарды емдеуге арналған түрлі тақырыптарда семинарлар өткізуде.
Біз №9 қалалық емханасының ұжымы, осындай тәжірибелі, білікті маманымызды мақтан тұтамыз!