about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Шымкентте вакцина егілетін контингент 536 мың адам. Олардың ішінде бүгінгі таңда 279 673 адамға (52%) вакцинаның бірінші компоненті, ал 170 752 адамға (32%) екінші компоненті егілді.

Қаңқу сөзге немесе соқыр сенімге емес, ғылымға сенген азаматтарға мың алғыс! Ауырмаңыздар…

4, июля

Тамыз айында бірінші компонентпен 70%, екіншісімен 50%, қыркүйекте сәйкесінше 80%-60%-ға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Қаңқу сөзге немесе соқыр сенімге емес, ғылымға сенген азаматтарға мың алғыс! Ауырмаңыздар.

Вакцинация науқанында түн демей, күн демей, сенбі-жексенбі үй көрмей, халыққа аяқтарынан тік тұрып қызмет етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға ерлікке пара-пар еңбегі үшін бас ие алғыс айтамыз.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікелей басқарып отырған Коронавируспен күрес және оның алдын алу штабы қаладағы эпидахуалдың тамырын басып, сәт сайын дер кезінде жедел шаралар қабылдап отыр. Біреу білер, біреу білмес, сахна сыртында мыңдаған адам бір үйдің балаларындай үйлесімді қызмет атқарып жатыр. Індетті жеңіп шығамыз. Бүгінгі ащы тер тәтті жеңіске ұласар күн алыс емес.

Контакты

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №9"

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Кызылжар ул.Жиделібайсын 62 В

shgp_9@med.mail.kz

phone icon 1415
Единый контакт-центр
phone icon 45-30-31
Контактный центр медицинского учреждения