about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды жоспарлауда

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында…

19, Қыркүйек

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтауды толық қаржыландырмау нәтижесінде сақтандырылған азаматтар өздеріне тиесілі медициналық қызметтер көлемін толық ала алмайтынын атап өтті.  

 

Мемлекет басшысының саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы аясында бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделуде.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін мемлекеттің МӘМС жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ қаражатты әкімшілендіруді оңайлату үшін және оларды тиімді пайдалану мақсатында ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржы ағындарын біріктіруді заңнамалық реттеу керек», – деді орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова.  

Бұдан басқа, МӘМС жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды толыққанды іске қосу үшін медициналық көмектің бағыттары және ерікті медициналық сақтандырумен жабу үшін көрсетілетін қызметтердің тізбелері айқындалатын болады, сондай-ақ шетелдіктерді, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерді жүктелген медициналық сақтандыру заңнамалық түрде бекітіліп, іске асырылатын болады.

«Сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейту үшін 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап МӘМС туралы Заңға 12 ай бұрын МӘМС жарналарын төлеу және өткен айлардағы берешектерді жою арқылы дербес төлеушілер жүйесіне кірудің балама тетігін ұсынатын түзетулер күшіне енді. Қазіргі уақытта белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті Гүлжан Шайхыбекова.

Бұл ретте әкімдіктерге жыл соңына дейін қамтылуға тиіс адамдардың болжамды саны кемінде 300 мың адамды құрады.

«Сондай-ақ, мемлекеттік органдар платформалық жұмыспен қамтуды ресмилендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде, бұл МӘМС жүйесіне 500 мың адамды тартуға мүмкіндік береді», – деп Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі сөзін қорытындылады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №9"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Кызылжар ул.Жиделібайсын 62 В

shgp_9@med.mail.kz

phone icon 1415
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 45-30-31
Медициналық мекеменің байланыс орталығы