about us icon Біз туралы

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №9"

diagnostika photo

ШЖҚ №9 Қалалық емханасы Қызыл-жар мөлтек ауданы, Жиделібайсын 62а үйде орналасқан. Емхана 01.04.2013 жылы ОҚО әкімінің №74 қаулысымен құрылған. Емхананың негізгі ғимараты типтік емес, ескі.  «Турлан», «Жанаталап», «Кызылжар», «Саяжай» мөлтек аудандарда емхананың бөлімшелері орналасқан. Емхананың негізгі ғимараты Ташкент – Шымкент – Алматы трассасының бойында орналасқан. Емхана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, жеке канализация жүйесі бар, электр қуаты қалалық электр жүйесі арқылы беріледі, жылыту автономды газ жүйесі арқылы жүргізіледі,сымтетік байланысы, интернет жүйесі қалалық коммуникация арқылы іске асырылады.
Емханада 34 ЖТД аймағы, 2 балалар  дәрігерлік аймақ,  6 гинекологиялық аймақ қызмет көрсетеді. Арнайы мамандар бөлімшесі: онколог, маммолог,ЛОР, инфекционист, хирург, невропатолог,  эндокринолог, окулист, стоматолог,  логопед, УДЗ кабинеті,клиникалық лаборатория, рентген кабинет, флюра кабинет, ДОТС кабинет , қақырық жинау бөлмесі, СӨСҚ бөлмесі, пациенттерді қолдау мен сенім бөлмесі (45-30-01), жеке дәрігерге дейінгі, жеке скрининг және дені сау бала, отбасын жоспарлау, пациенттер ағымын (балалар,жүкті әйелдер,науқастар) қан жинауға арналған  3 қосымша  бөлмелері, жедел жәрдем бөлімі жұмыс істейді. Халық саны- 65325, ересектері-35380, балалар- 24198, жасөспірімдер-2747. Емхана тіркелген халықа тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №9"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Кызылжар ул.Жиделібайсын 62 В

shgp_9@med.mail.kz

phone icon 1415
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 45-30-31
Медициналық мекеменің байланыс орталығы