Денсаулық сақтау ісінің үздігі – Оразбаева Раушан Исраиловна – №9 Қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары. Жалпы Еңбек өтілі-28 жыл. Осы емханада жұмыс атқарғанына 6-шы жыл.
Оразбаева Раушан Исраиловна – 1987 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтына түсіп, “Емдеу ісі” мамандығын 1995 жылы тәмәмдаған.
2015-2017жж. ОҚПУ-де “Экономика” мамандығы бойынша магистр білімін алған.
Еңбек өтілін 1995 жылы Төлеби аудандық орталық ауруханасынан бастап, 1996 жылы № 2 Қалалық емханасында дәрігер-терапевт, 1997 жылы ОҚО Медицина академиясында дәрігер-лаборант, 1999 жылдан бастап, №4 Шымкент қалалық емханасында аймақтық дәрігер, 2005 жылы бас дәрігердің орынбасары, 2015 жылы “Шымкент мамандандырылған бөбектер үйінің” Бас дәрігері, 2017 жылы №9 Қалалық емханасының бөлім меңгерушісі, 2019 жылдан бастап, Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Осы жылдар арасында аянбай халыққа қызмет етіп, науқастардың ерекше алғысын алып жүрген абзал жан, білікті дәрігер, алдына келген науқастың жазылып кетуі үшін көңіл-күйіне қарап, емін алуға көмектесетін Раушан Исраиловнаны аймақ тұрғындарымен қатар, №9 Қалалық емханасының ұжымдастары да ерекше ықыласпен құрметтейміз!
Жаңалықтар
Ақ халатты абзал жан
Денсаулық сақтау ісінің үздігі – Оразбаева Раушан Исраиловна – №9 Қалалық емханасының…
Байланыстар
ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №9"Мекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, мкр.Кызылжар ул.Жиделібайсын 62 В
shgp_9@med.mail.kz